Компания қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қызмет бағыттары

2024 жылдың 2 желтоқсанында ШҚО ПАБ қызметкерлерімен «Компания қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қызмет бағыттары» тақырыбында әңгіме өткізілді. Дәріс берушілер ұйымның заңгері А.А. және департамент басшысы Кучин Д.А., диалог түрінде жиналғандарды ұйым қызметіндегі ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен пара алу әдістері туралы хабардар етті.

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шығыс Қазақстан облысы патологоанатомиялық бюросы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны