ТМККК шеңберінде медициналық қызметтерді алу мүмкіндігі туралы

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» (бұдан әрі – ТМККК) ҚР Үкіметінің  2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 Қаулысына сәйкес ТМККК шеңберінде патологоанатомиялық бюроның қызметтері:

  1. Патологоанатомиялық ашып қарау
  2. Операциялық және биопсиялық материалды гистологиялық зерттеуді
  3. Цитологиялық зерттеулерді қамтиды.

«Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтерді көрсету ережесі мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2299 Қаулысына сәйкес бекітілген баға көрсеткішіне сай ақылы науқастардың биопсиялық және операциялық материалдарын патологоанатомиялық және цитологиялық диагностикалауы ақылы негізінде жүзеге асырылады.

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шығыс Қазақстан облысы патологоанатомиялық бюросы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны