Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысы патологоанатомиялық бюросы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі — ПАБ) «Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысы патологоанатомиялық бюросы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 243 Қаулысы, сонымен қатар «ШҚО патологоанатомиялық бюросы» КМҚК құру туралы» ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 1319 бұйрығы негізінде құрылған. ПАБ «Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК орталықтандырылған патологоанатомиялық бөлімшесін, «№ 1 Өскемен қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК патологоанатомиялық бөлімшесін және «Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК патологоанатомиялық бөлімшесін біріктіріп ұйымдастырылған, сонымен қатар «Зырян ауданының ОАА» ШЖҚ КМК патологоанатомиялық бөлімшесі, «Риддер қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК патологоанатомиялық бөлімшесі, «Аягөз ауданының ОАА» ШЖҚ КМК патологоанатомиялық бөлімшесі «ШҚО патологоанатомиялық бюросы» КМҚК бөлімшесіне қайта ұйымдастырылды.
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап «Аягөз қаласының патологоанатомиялық бөлімшесін жабу туралы» ШҚО денсаулық сақтау басқармасының 2016 жылғы 14 қарашадағы № 1012 бұйрығы негізінде Аягөз қаласының ПАБ бөлімшесі жабылды. Оңтайландыру мақсатында Аягөз қ. «ШҚО патологоанатомиялық бюросы» КМҚК бөлімшесінен штаттық бірліктері Өскемен қ. «ШҚО патологоанатомиялық бюросы» КМҚК бөлімшесіне ауыстырылды.
ПАБ патологоанатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы болып табылады.
ПАБ құрамына мына құрылымдық бөлімшелер кіреді:
— жалпы патология бөлімшесі гистологиялық зертханасымен;
— балалық патология бөлімшесі гистологиялық зертханасымен;
— цитологиялық зерттеулер бөлімшесі;
— Зырян қ. жалпы патология бөлімшесі;
— Риддер қ. жалпы патология бөлімшесі;
— әкімшілік-шаруашылық бөлімшесі ақылы қызметтер көрсету жөніндегі шаруашылық есептегі бөлімімен.
ПАБ қызметінің басшылығын жоғары біліктілік санаты және медицина ғылымдар кандидатының ғылыми дәрежесі бар, «патологиялық анатомия (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша білікті дәрігер жүзеге асырады.
ПАБ «Өскемен қ. медициналық колледжі» КМҚК медициналық клиникалық базасы болып табылады.
Кәсіпорын дәрігерлік кадрлармен 100% жасақталған.
Қызметкерлердің санаты жоғары бірінші екінші
дәрігерлер 4 1 3
Ф-зертханашылар 9 6 1
Екі дәрігерде медицина ғылымдар кандидатының ғылыми дәрежесі бар.
Миссиясы: ШҚО халқына жоғары сапалы мамандандырылған диагностикалық көмек көрсету.
ПАБ -тың негізгі міндеттері мен функциялары:
1. макроскопиялық және микроскопиялық, қажет болған жағдайда бактериологиялық, вирусологиялық, биохимиялық және басқа да қосымша зерттеулер жүргізу арқылы секциялық, операциялық және биопсиялық материалда ауруларды нақты диагностикалау;
2. науқастың қайтыс болу себептері мен механизмін белгілеу;
3. клиникалық және патологиялық-анатомиялық деректерді және диагноздарды салыстыру арқылы емдеуші дәрігерлермен бірлесіп, диагностикалық және емдеу жұмысының сапасына мониторинг жасау;
4. медициналық ұйымдарда клиникалық-патологиялық-анатомиялық конференцияларды және «патологиялық анатомия (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша кеңестер мен конференцияларды дайындау және өткізу;
5. алғаш анықталған инфекциялық, онкологиялық аурулар туралы денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына шұғыл хабарлау;
6. үздік жұмыс тәжірибесін қорытындылау және тарату;
7. сынаулар жүргізу және патологиялық-анатомиялық зерттеулердің қазіргі заманғы әдістерін енгізу;
8. «патологиялық анатомия (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша дәрігерлердің біліктілігін жүйелі арттыруды қамтамасыз ету болып табылады;
9. мемлекеттік статистикада қайтыс болу себептері туралы нақты мәліметтерді қамтамасыз ету;
10. онкопатологияны анықтау мақсатымен профилактикалық және диагностикалық зерттеулер жүргізу.
Директор А.И. Чиканов